Құрылтай
» » Мекенжай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады

Мекенжай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады

@EgovKzKenesBot боты SMS-хабарлама арқылы ХҚКО-ында жиі сұралатын 4 қызметті беруге қауқарлы. Дәлірек атап айтар болсақ, қазақстандық азамат бұл ботты қолдану арқылы:  Мекенжай анықтамасын;  Басқа заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың қатысы туралы анықтаманы;  Сотталмағандығы туралы анықтама;  Жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы туралы анықтаманы ала алады.  Бұл қызметтерді қолдану үшін азаматтар базасында міндетті түрде тіркелуіңіз керек. Демек, сіздің ұялы байланыс нөміріңіз egov.kz порталының профиліне бекітілуі тиіс. Сонымен қатар, дәл осы боттың көмегімен алынған анықтаманы телефонға сақтап қоюға болады және e-mail арқылы жолдай аласыз.  Ақпарат тарату кезінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов жақын уақытта egov.kz порталының жаңа дизайнға көшетінін де жеткізді. «Қазіргі дизайн 2012 жылы жасалған. Бір сөзбен, қазіргі заманның талаптарына сәйкес келе бермейді. Қолданушымен кері байланысты ұстану үшін порталдың beta-нұсқасы әзірленіп қойған. Қолданушылар онда өздерінің пікірлерін қалдыра алады»,– деді Әсет Тұрысов. 
Дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/52836/
18 маусым 2018 ж. 1 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 584
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 047

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31