» » ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2024- 2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндірме жұмыстары аясында «Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы» атты брейн-ринг форматындағы құқықтық ойын өтті. Мақсаты – ауыл жастары мен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын білуге және құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін терең түсініп, заң шеңберінде әрекет ету қабілеттерін дамыту.
Іс-шараға Ақжар ауылы округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы, заңгер Ақбота Байжанова және жастар ісі жөніндегі маман Азамат Орынбеков қатысып, қазылық етті. Іс-шараны Ақбота Байжанова ашып, жастарға лудомания, алаяқтық қылмыстар жайлы сөз қозғап, жаман әдеттен аулақ болуды айтып, сәттілік тіледі.
Брейн-ринг ойынына ауылдағы №28 мектептің жоғары сынып оқушыларынан 3 топ: «Заң сақшылары», «Әділет» және «Ақиқат» топтары өзінің құқықтық сауаттылығын сынап көрді. Қатысушылар азаматтық құқық, еңбек құқығы, әкімшілік және қылмыстық заңнама салаларынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Іс-шара барысында қатысушылар тек білімін көрсетіп қана қоймай, пікір алмасып, құқықтық жағдайлар бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кітапхана қызметкерлері заң тақырыбына арналған көрме ұйымдастырып, қатысушылар назарына құқықтық әдебиеттерді ұсынды. Нәтижесінде «Ақиқат» тобы І орын, «Заң сақшылары» тобы ІІ орын, «Әділет» тобы ІІІ орынды иеленіп, аудандық кітапханалар жүйесі КММ-і директорының міндетін атқарушы Г.Жанәділованың алғыс хатын иеленді.
Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне Ақжар ауылының жеке кәсіпкері Өркен Сайлаубеков демеушілік көрсетіп, жеңімпаздарға арнайы қаржылай сыйлықтар үйлестірді. Кітапханаға осындай қолдау бар кезде ойлы оқырман да көбейе бермек.
Ақмарал ӘМІРАЛИЕВА,
кітапханашы
13 шілде 2025 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930