» » Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы

Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы

Жуырда Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалатын қылмыстың алдын алу» іс-шарасы аясында «Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға арнайы аудандық білім бөлімінің басшысы Нәзікбаев Дастан, аудандық дін мәселелерін зерттеу орталығының меңгерушісі, теолог Жалғас Ысқақов, аудандық орталық аурухана акушері Әсем Мерекова, АІІБ ЖПҚБ ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция капитаны Гүлмира Исмайлова, мектептің ардагер-ұстазы Разия Ерлепесова, сынып жетекшілер және 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Кездесуді мектеп директоры Гүлнар Әшірова жүргізіп отырды. Қонақтар тақырыпқа орай өз ойларын білдіріп, оқушыларға бағыт-бағдар берді. Түрлі саланың маманы бас қосқан отырыста оқушылар өміріне керек болар азық алды. Қазіргі қоғам мен уақыт талап етіп отырған құқықтық жағынан сауатты болу туралы білімін артырып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап та алды. Ардагер-ұстаз Разия Ерлепесова балаларға әжелік, аналық ақылын айтып, өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтірді. Тәлімі мол әңгімені оқушылар зор ықыласпен тыңдап, шара соңында қонақтарға алғысын білдірді. Кері байланыс жасап, кездесуден түйген ойын өлеңмен өрнектеп жеткізген оқушылар да болды. Алдағы уақытта осындай болашақ ұрпақ үшін берері мол жобалар өз жалғасын таба бермек.
Гүлмира ЖАҚПАНОВА,
№183 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
14 ақпан 2021 ж. 841 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 414

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930