» » ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қуаңдария ауылдық округінде  аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастардың көшбасшылық қабілеттерін арттыруға, топпен жұмыс жасауға, шұғыл шешім шығаруға, логикалық ойлауға, әр жастың тапқырлығын шыңдауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сонымен қатар Брейн ринг– бұл зияткерлік пен танымдық қабілеттіліктердің дамуын ынталантыратын және өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасайтын ойын. Осы мақсатта Брейн-ринг ойыныны болып өтті.
      «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Нұрмағанбетова шараны ашып, өз сөзінде бұл ойын кез-келген адамның ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, ол ойынның мақсаты мен сайыстың шарттарын түсіндірді.   Ойын бес кезеңнен тұрды. 1 кезең Ойынға қатысушы әр топта 6 адам болуы шарт; 2 кезең қатысушы топтар өздерін таныстыру; 3 кезең ережеге сәйкес ойын барысында жүргізуші сауал қойғаннан кейін ойыншылардың сұрақты өзара талқылауларына 60 секунд уақыт беріледі;4 кезең ойын үш деңгейлі сұрақтармен қамтылады; 5 кезең уақыт өтісімен командалар жылдамдатып алдындағы белгілерді көтеру арқылы жауап беріп, ұпай жинайды. Ойынға Қуаңдария ауылдық округінің жастарынан құралған 4 команда қатысты. Ұйымдастырушылардың қуанышына орай, сайысқа қатысушылар ойынның тақырыбы бойынша сенімді және нақты жауап беру арқылы білімдерін жақсы көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша лайықты ойын көрсетіп, жүлделі бірінші орынды «Жалынды жастар» командасы жеңіп алса, екінші орынды «Аралас» командасы, үшінші орынды «Болашақ жастары» және «Білімді жас ұрпақ» командалары иеленді. Жүлделі орын иеленген командалар «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоағамдық берлестігнің дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
         Шараға қазылық еткен әділ қазылар мүшелері бұндай шаралардың маңыздылығын ескере отырып, осындай ойынды жиі өткізу жөнінде шешім қабылданып отыр, өйткені, брейн ринг жоғары деңгейдегі білім мен білімділікті көрсетеді, сондай-ақ, жастар арасында өзара байланысты жақсартуға үлесін қосады.
02 маусым 2018 ж. 1 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930