» » Елорда – ел жүрегі

Елорда – ел жүрегі

Алатаудың төсінен Сарыарқаның сайын даласына астананың көшкеніне де биыл – 27 жыл. Қас-қағым уақыттың ішінде еңсесін тіктеген елордамыз бүгінде әлем мойындаған қалалардың біріне айналып үлгерді. Бас қала бүгінгі күні маңызды халықаралық басқосулардың ордасына айналды.
Астана – Тәуелсіздіктің алтын таңымен бірге түлеп, еліміздің еңсесін биіктеткен ұлы шаһар. Елорда – бұл жай ғана қала емес, ол – ұлт рухының, ел үмітінің, жаңа дәуірдің жарқын бейнесі. Ол – халқымыздың жүрегіне айналған қасиетті мекен. Осы жерде ел тағдыры шешіліп, болашақтың бағдары белгіленеді. Әсем ғимараттары аспанмен таласып, әрбір көше, әрбір тас – тарихтың тілсіз куәсі. «Бәйтерек» – ел арманының символы, «Қазақ елі» монументі – халықтың бірлігі мен тұтастығын бейнелейді. Бұл қала – сәулет пен салтанаттың тоғысқан тұғыры.
Елорда – ұлттың үні, ұрпақтың үміті. Мұнда жас жүректер біліммен сусындап, арманның қанатын кеңге жаяды. Әрбір жастың жанарында елге қызмет етсем деген от жанып тұрады. Астана – жастардың арманына жол ашқан алтын қақпа. Бұл қала тек еліміз үшін емес, әлем үшін де маңызды орталыққа айналды.
Астана – ұлттың үміті мен болашағын арқалаған асқақ қала, тәуелсіз Қазақстанның жүрегі. Сарыарқаның төсінде бой көтерген бұл сәулетті шаһар – елдік пен еркіндіктің, бейбіт өмір мен баянды болашақтың символы. Көз алдымызда күн санап көркіне көрік қосқан Астана – заманауи өркениет пен ұлттық болмыстың жарасым тапқан ордасы.
Қазақ мемлекетінің астанасы көп болған. Соның ішінде Сығанақтың, Сарайшықтың, киелі Түркістанның өзіндік орны мен шежіресі бір төбе тарих саналады. Жаһанға аты шыққан хандар, сұлтандар, билер, игі жақсылар сол орталықтарда жасаған. Шаһарлардың қарқындап дамуы үшін, қолдарынан келген бар өнерін салған. Бұның бәрі болашаққа, келешек ұрпаққа жасалған сарабдал істер саналды. Ұзақ жылдар бойғы сәулет өнерінің сырлары мол мұрасы ретінде бізге жетті.
Негізі, «астана» сөзі «табалдырық» дегенді білдіреді екен. Мұның мәнісі кез келген әлемге табан тигізіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынын сездіреді. Қазақ мемлекеттілігі бекем болып, ел жүрегі саналатын Елордамыз қарыштап дами берсін!
Дайындаған Ақнұр САҒЫНТАЙ
06 шілде 2025 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

05 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 012
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031