» » КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ ҚАНАТ ҚАҚТЫ

КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ ҚАНАТ ҚАҚТЫ

Байқоңыр қаласында болашаққа бағыт алған жас мамандардың тағы бір легіне диплом табысталды. Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжін тәмамдаған 131 бітіруші түлекке диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Бұл күн – оқуын сәтті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған жастар үшін аса маңызды әрі толғанысқа толы сәттердің бірі болды. Түлектер үшін білім ордасында өткен жылдар – олардың өміріндегі ең жарқын кезеңдердің бірі. Ұстаздарынан тәлім алып, мамандық сырын меңгерген жастар енді үлкен өмірге жолдама алды.
Ақай ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шара жылдағысынан ерекше мазмұнда өрілді. Диплом табыстау салтанатында колледж директоры Әнуар Дәуленбаев оқу жылының аяқталуымен бітіруші түлектерді құттықтап, сәт сапар тіледі. Сондай-ақ ол түлектерге кәсіби білімдерін еңбек айдынында жетілдіріп, еліміздің экономикасы мен әлеуетінің өркендеп дамуына үлес қосып, мамандық бойынша жұмыс істеп, талай асу бағындыратынына сенім білдірді.
Мерекелік іс-шараға «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Еркін Оразалыұлы, Төре­ там кентінің әкімі Ғалымжан Тәжі­ мағамбетұлы, Ақай ауылының әкімі Батыржан Қожабайұлы, ардагерлер кеңесінің мүшесі Шайкибек Шайх­ исламұлы, Ақай ауылының ақсақалы Жақсылық Қыпшақбаев және кол­ ледждің әлеуметтік серіктестері «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамының директоры Сырым Аманғалиұлы, «Инфракос» мемлекеттік республи­ калық кәсіпорнының қызметкері Қорғанбек Қайназаров, «ТемирСтрой» ЖШС директоры Еркін Темірбекұлы болашақ жас мамандарға ізгі тілек білдіріп, диплом табыстады. Сондай-ақ жиын барысында белсенді ата-аналар және колледж оқытушылары Алғыс хатпен марапатталды.
Өз саласының білікті мамандары болып қалыптасқан түлектердің әрқайсысы техник-механик, авто­ көліктерді жөндеу шебері, автокөлікті жөндеу слесарі, арнайы тігінші, техник-технолог, туризм жөніндегі нұсқаушы, туристік агент, бухгалтер сынды біліктіліктерге ие болып, өз мамандықтарының иесі атанды. Олардың бойындағы білім мен қайрат, арман мен сенім еліміздің болашағына үлес қосары анық.
Сондай-ақ оқу жылында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, білім сайыстарында бақ сынаған студенттер мен ұстаздар, белсенді ата-аналар алғыс хатқа ие болды. Кеш соңында бітіруші түлектер мен ата-аналар оқу орнының басшылығына, колледж директорына, ұстаздарына алғыс айтып, ізгі тілек білдірді.
Бүгінгі жас түлек – ертеңгі кәсіби маман, ел болашағы. Оларға өмір жолында тек сәттілік пен серпінді жетістіктер тілейміз!
Қымбат БЕРДЕШ
06 шілде 2025 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

05 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 011
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031