ЖАС МАМАНДАР ҚАНАТ ҚОМДАДЫ
Қызығы мен қиынды қатар жүретін студенттік шақтағы тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары жаз. Ал бітіруші түлектер үшін бұл маңызды кезең. Себебі олар енді қолына диплом алып, жас маман атанып жатыр. 27 маусымда Қармақшы аудандық аграрлы-техникалық колледжінде «Білім әлемінен – жарқын болашаққа» тақырыбында бітіруші түлектер салтанатты түрде дилом алу кеші өтті. 3 жыл кәсіптік салада білім алған студенттер енді қолына диплом алып, үлкен өмірге қадам басқалы отыр.
Салтанатты рәсімде колледж директоры Исламбек Айекенов құттықтау сөз сөйледі. Оның айтуынша, бітіруші түлектердің мамандықтары қоғамдағы сұранысқа ие. Сол себепті енді оларға артылар сенім мол.
Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев студенттерге жылы лебізін білдірді.
–Құрметті студенттер, сіздерді бүгінгі дилом алу рәсімімен құттықтаймын! 3 жылғы еңбектің нәтижесін көрсететін сәт те келді. Студенттердің бірі алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсер, келесі бірі жақсы жұмысқа орналасар. Дей тұра, қазір қоғамда, әсіресе жастар арасында қай қалада, қандай мамандықта оқыған маңызды емес. Бастысы, жақсы, жалақысы мол жұмысқа орналасу. Сондықтан сіздерді табысты маман болуға шақырамын, әрі осыған сенім білдіремін, – дейді аудан әкімінің орынбасары.
Мұнан соң колледж студенттеріне дилом табысталды. Сонымен бірге колледждегі қоғамдық шараларға белсене қатысып жүрген студенттері колледж директорының алғыс хатымен марапатталды.
Колледж студенттер қатарынан 2 түлек үздік диплом алды. Мұнан соң 1-курс студенттеріне аманат табысталды.
Салтанатты шарада ата-аналар колледж басшылығына, оқытушылар атына жылы лебіздер айтылды.
Қазақта «қос қуаныш қатар келсін» деген тілек бар. Колледж оқытушысы Телжан Құлмырзаев 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шығып жатыр. Коллежд ұжымы ардагер ұстазға шабан жауып, үлкен ризашылығын білдірді.
Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.
Сонымен қатар жақында Байқоңыр қаласындағы «Академик Жиенқұлов» атындағы колледжде бітіруші түлектерге арналған «Сәт сапар, жас маман!» атты диплом тапсыру салтанаты өтті.
Салтанатты шарада колледж директоры, облыстық мәслихат депутаты Әнуарбек Дәуленбаев құттықтау сөз сөйлеп, арнаулы білім беру мекемесі бойынша ағымдағы оқу жылы ұстаздар мен студенттер арасында қол жеткізген жетістіктер туралы хабарлама жасады.
Колледж басшысының айтуынша, бұл оқу жылында колледжді мемлекеттік тапсырыс негізінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы арқылы «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігінші» және «Туризм», сонымен қатар «Байланыс технигі» мамандықтары бойынша 110 студент бітіріп, диплом алды. Сонымен бірге, колледж білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің эксперттер тобы жүргізген аккредитациядан өтті. Әрине, аккредитациядан өтудің басты мақсаты арнаулы білім беру мекемесінің болашақта халықаралық деңгейдегі кәсіптік білім беретін оқу орны атану болып табылатынын айта келе, Еркебұлан Ибрагимов, Арман Шынтаев және Әсел Хамитқа «Үздік аттестат» тапсырды.
Мерекелік салтанатта ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі өкілінің жұмысын қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Мырзабек Демесінов, «Жастар ресурстық орталығының» Байқоңыр қалалық бөлімінің басшысы, «Асар Плюс» ЖШС-нің директоры Сейіл Жұмадияров түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, дипломдар тапсырса, өз кезегінде бітіруші түлектер атынан сөз сөйлеген Аслан Таласбай, Әсел Хамит және Назерке Есетова ұстаздарға арнаған шәкірттік тілектерін арнады.
Сонымен қатар, шарада бітіруші түлектер Еркебұлан Ибрагимов ізбасарлар атынан сөз сөйлеген Фариза Шылмырзаеваға аманат кілтін тапсырса, ата-аналар мен ұстаздар атынан мінберге көтерілген Гүласыл Муапикова, Мұхтар Сейітов, Еркебұлан Оспанов, Назерке Рахматуллаева, Жанат Жанұзақова және Дана Аманкелдиевалар жұртшылыққа ыстық ықыласын жеткізді.
Салтанатты шара соңы колледж студенттердің концерттік бағдарламасына ұласты.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ