» » ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МӘУЕЛІ МЕРЕКЕ

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МӘУЕЛІ МЕРЕКЕ

Мемлекетіміздің болашағы – бала. Оған жағдай жасап, қолдау көрсету – қоғамның тікелей парызы. Себебі баланың қандай болмағы келешектің қандай болмағын көрсетеді. Оның ішінде ерекше балаларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар да аз емес.
Жақында аудан әкімі Жандос Еркінбектің бастамасымен бұған дейін Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі ғима­ратында орналасқан аудандық Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жаңа қонысты болды. Сенсорлық, педагог-дефектолог, логопед, педагог-психолог секілді бірнеше кабинетті қамтыған ғимарат іші арнайы бала денсаулығын сауықтыратын түрлі құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Атап өтерлігі, мекеме қызметкерлері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін жаңа қоныста қарсы алып, балалар мен олардың ата-аналарымен ерекше түрде атап өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы арнайы қатысып, бүлдіршіндерді жаздың жаймашуақ жайдары мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар еңбек ардагері Тәжтай Тоқсанбаева Ләззат Сұлтанбекқызы басшылық ететін ауызбірлікті ұжымға жауапты та күрделі қызметтеріне абырой тілеп, ақ батасын берді.
Келген қонақтар мен ата-аналар жаңа орындағы кабинеттерді аралап, оның жұмысымен танысты. Іс-шараға білім саласының ардагері, «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» Дәмелі Жалғасбаева, аудандық білім бөлімінің білім беруді дамыту секторының бас маманы Гүлзира Исламханова қатысты.
– Кез келген ата-ананың тілеуі – баласы десек қате емес. Аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз. Осында келгелі бері баламызда ілгерілеушілік бар. Бұл – мекеме педагогтерінің үлкен еңбегі деп білеміз. Енді міне жаңа баспанаға ие болып жатыр екен. Тек қана қуаныштымыз, – дейді жиналған ата-аналардың бір легі.
Салтанатта әннен шашу шашылып, балаларға сыйлық ретінде ойыншықтар тарту етілді.
Өз тілшімізден
03 маусым 2025 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930