» » ЖҮРЕКПЕН ТАҢДАҒАН ЖОЛ

ЖҮРЕКПЕН ТАҢДАҒАН ЖОЛ

Бұл сұрақты өзіме жиі қоямын. Болашағым қандай болмақ? Қайда бара жатырмын? Қандай адам болып қалыптасамын? Қазіргі таңда мен журналистика мамандығында оқып жүрмін. Бұл мамандықты саналы түрде таңдадым. Себебі сөздің күші мен шындықтың мәні мені әрқашан баурап келді. Журналист – жай ғана ақпарат таратушы емес, ол – халық пен қоғам арасындағы көпір.
Мен болашағымды осы салада елге пайдасы тиетін, шыншыл әрі әділ журналист ретінде елестетемін. Қоғамдағы мәселелерге бейжай қарамайтын, шындықты жасырмай, оны сауатты жеткізе алатын тұлға болғым келеді. Бірақ ол жол оңай жол емес екенін білемін. Қиындығы мен сыны қатар жүреді. Қазірдің өзінде кей сәттерде адамдарға шынайы қарап, адал ниетпен сенгенім үшін көңілім қалған тұстар болды. Бірақ бұл мені әлсіз етпейді, керісінше шыңдайды.
Болашақ – бүгінгі еңбектің нәтижесі. Қазір оқып жүрген әрбір сабағым, жазған әрбір мақалам, көрген әрбір тәжірибем – менің ертеңгі өмірімнің іргетасы. Кейде шаршаймын, кейде күмәнданамын, бірақ ішкі сенімім мені алға жетелейді. Себебі мен жүрекпен таңдаған жолдамын.
Болашақта өз орнымды табатыныма сенемін. Тек журналист қана емес, ең алдымен – жақсы адам болғым келеді. Шындықты айтуда қорықпайтын, бірақ оны жүрекпен жеткізе білетін мейірімді жан болу – менің басты армандарымның бірі.
Менің болашағым – сенім, еңбек және адалдықпен өрілетін жол. Сол жолмен жүріп келемін. Алдағы күндер не әкелсе де, мен оған дайынмын. Себебі мен өз жолымдамын.
Шұғыла СЕРІКБАЙҚЫЗЫ
02 маусым 2025 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031