» » БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бейсенбіде аудан әкімдігінің мәжіліс залында орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен сапасына арналған комиссия отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаты Жорабек Ибрагимұлы төрағалық етті.
Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы, сондай-ақ білім беру мекемесінің басшылары қатысты.
Отырыста тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ісшаралардың орындалу барысы, жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі және оны арттыру жолы талқыланды. Осы бағытта облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің басшылары баяндама жасап, нақты ахуалға талдау жүргізді.
Комиссия қорытындысы бойынша білім беру саласының жауапты басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді. Атап айтқанда, тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты іс-шаралар жоспары бекітілді.
«ҚТ» ақпарат
01 маусым 2025 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 083
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031