Құрылтай
» » БАЛАЛАРДЫҢ ҮНІ — БОЛАШАҚТЫҢ ҮНІ

БАЛАЛАРДЫҢ ҮНІ — БОЛАШАҚТЫҢ ҮНІ


Бүгінгі 1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы С.Есқараев атындағы №27 орта мектепте болып, білім, өнер және спорт саласында жетістікке жетіп жүрген өнерлі балалармен жүздесіп, сұхбат өткізді.

Келелі сұхбат барысында балғын балалар ауданның бас ұстазымен бірге ашық пікір алмасып,өнерге жаны құмар жас өрендер өз жетістіктерімен, шабыт көзімен және алдағы армандарымен бөлісті.

Бұл сұхбаттар балалардың тек өнерлі ғана емес, сонымен қатар саналы, ойлы және арманшыл екенін көрсетті. Осындай шаралар жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына, еркін ой айтуына және өз дарынын паш етуіне жол ашады. Балалардың қауіпсіз әрі бақытты өмір сүруі — баршамыздың ортақ міндетіміз. Балаларға тек бейбіт өмір мен жарқын болашақ тілейміз!

27 мамыр 2025 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31