» » ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ


Аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы биылғы оқу жылында ұстаздықтың үздік үлгісін көрсетіп, Республикалық деңгейлі жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген мұғалімдерді жеке қабылдап, арнайы құрмет көрсетті.

- Құрметті әріптестер! Қай кезде де мұғалім мамандығы бұл ағартушылық бағытты ұстанып, балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие берер қасиеті биік қызмет. Осындай қызметтің төрінен көрініп, білім деңгейінің өз биігінен түспей жеңісті әрі жемісті түрде дәлелдеп келесіздер. Бұл әрине сіздердің мамандыққа адал, іске шынайы берілгендеріңіздің көрінісі деп білемін. Республикадағы мықтылардың бәйгесінде топ жарған сіздерге қарап шәкірттеріңіз де осал болатындығы, биікке ұмтылуға бейімделетіні анық. Сондықтанда алдағы уақыттада білім белесін бағындырып, білім саласында табысты еңбек ете бересіздер деп сенемін. Абыройларыңыз аласармасын, — деді ауданның бас ұстазы.

Бұдан кейін, арнайы Алғыс хат табыстап, жеңімпаз ұстаздарға сыйлық үлестірді. Өз кезегінде мұғалімдер мұнымен тоқтап қалмайтындарын, балалардың болашағы үшін ізденісті жалғастыратындарын айтып, бөлім басшысына ризашылық білдірді.

26 мамыр 2025 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30