» » Құрметті еңбек демалысына шығарып салды

Құрметті еңбек демалысына шығарып салды


Зейнеткерлік жасқа келіп, құрметті зейнет демалысына шығу - әрбір адамның қуанышты сәті. Ұзақ жылғы еткен еңбек пен төккен тердің қайтарымы, өтеуі десек артық айтқандық емес.

Кеше Жосалы кенті орталығында орналасқан білім бөліміне қарасты Ертөстік бөбекжай бақшасының меңгерушісі Әбжалиева Айткүл Әбжалиқызын әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Арнайы шараға аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Мереков, қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдейсенов және аудандық " Қазақ тілі қоғамы" ұйымының төрайымы Г.Раева мен аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева қатысып, ұстаздың білім саласындағы қажырлы қызметіне алғысын білдіріп, зейнеткерлікке шығуымен құттықтады.

Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Гульзира Мажитқызы өз атынан және аудандық кәсіподақ комитетінің атынан білікті ұстазға «Құрмет грамотасын» табыстап, дәстүрге сай иығына орамал жауып, сый құрмет көрсетті.

Өз кезегінде, Айткүл Әбжалиқызы шараға арнайы қатысушы қонақтар мен ұжымына және өз әріптестеріне лебізін білдіріп, көрсеткен құрметтері үшін рахметін айтты.

Айткүл Әбжалиқызы 40 жылдан астам еңбек жолының 20 жылға жуығын мектепке дейінгі білім беру ұйымына арнаған тәжірибелі ұстаз, абыройлы маман.

30 мамыр 2024 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10342)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (10341)

24 қыркүйек 2024 ж.

№75 (10340)

21 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 983

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30