» » Құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды

Құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды

qarmaqshy-tany.kz Жуырда «Ертөстік» бөбекжай-бақшасында ұзақ жыл осы мекемеде еңбек еткен Қуаныш Айғодықовты құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салу салтанатты кеші өтті. Оны бөбекжай-бақша меңгерушісі Айткүл Әбжәлиева ашып, мерейтой иесінің өнегелі өмір жолына тоқталды.
Нақтысын айтқанда, 1960 жылы Жосалы кентінде дүние дидарын ашқан Қуаныш Қыштақұлы №26 орта мектепті тәмамдаған соң, ол 1978 жылы Отан алдындағы әскери борышын өтеуге Чехославакия еліне барады. Онда әскери мамандықтың қыр-сырын терең меңгерген соң, ол 1980 жылдың басында ауған еліндегі моджахеттердің жергілікті билікті тақтан тайдыру мақсатында ашқан соғысына қарсы интернационалдық борышын өтеуге аттанады.
Жерлесіміз Ауғанстанда өзінің интернационалистік парызын өтеуде көптеген ұрыс қималдарына қатысады. Сол елдің Баграм атты провинциясында дұшмандармен өткен қақтығыстарға қатысып, оның жолын бөгейді. Сондай ерлікті жорықтары үшін ол бірнеше рет әскери бөлім басшыларынан мадақтамалар алады.
Интернационалист-жауынгер Қуаныш Айғодықов Ауғанстаннан елге оралған соң бейбіт күнде ел экономикасының өркендеуіне үлесін қосып, бірнеше рет мақтау қағаздарына ие болып, құрметтеледі. Оның ішінде, ауған еліндегі интернационалдық парызын өтегені үшін көптеген мерекелік медальмен марапатталды.
Міне, осындай ардақты азаматты құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатта оның қызметтік әріптестері мен қарулас достары, оның ішінде бөбекжай-бақша меңгерушісі Айткүл Әбжәлиева, Жасұлан Ембергенов, Жұлдызай Тәженова, Тұрсын Қодаровалар жылы лебіздерін білдіріп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жапса, аудандық «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері» қоғамдық кеңесінің төрағасы Асқар Ерманов, интернационалист-жауынгерлер Әділхан Медешов, Кенжебек Аманов өздерінің қарулас досына деген ыстық ілтипаттарын арнап, оның өмір жолынан естеліктер айтты.
Кеш соңы бөбекжай-бақша өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
15 тамыз 2023 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930