» » Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Аудан әкімі М.Қалдарбеков ұстаздардың кәсіби мерекесі күні аясында ауданның үздік ұстаздарын қабылдады. Кездесуде аудан басшысы білім беру саласындағы табысты жетістіктерді атап өтіп, мерекелік жылы лебізін жеткізді.
– Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында талай елін сүйетін, білімді жастардың қосыларына кәміл сенімдеміз. Ұстаз деген ұлағатты есімді қастерлеп, халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыра білген шеберліктеріңіздің арқасында ауданымыздың білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып, талантты шәкірттер тәрбиелеп келесіздер. Дана халқымыз «Білім инемен құдық қазғандай» дейді, сол күрделі істе оң нәтижелерге қол жеткізген ұстаздарға деген біздің ризашылығымыз ерекше зор, – деді аудан әкімі.
Жиында сала үздіктеріне аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Бұл мереке шын мәнінде барша халыққа ортақ. Өйткені, кез келген мамандық, кез келген лауазым иесі ұстаздан білім, тәрбие алады.
Жаңа дәуір талабына сай озық тұрған мұғалім ғана шәкірт алдында беделі биік болары сөзсіз. Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Нәтижесінде, биылдан бастап педагог және оларға теңестірілген қызметкерлердің еңбекақысы өсуде.
Бұл дегеніміз – аудан ұстаздарына мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау болып табылады.

"Қт" ақпарат

04 қазан 2020 ж. 819 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031