» » ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАНАШЫРЫ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАНАШЫРЫ

Қоғамның дамуы мен өркендеуі, ең алдымен білім беру жүйесінің сапасына байланысты. Ал сол жүйенің негізі – білімді де білікті ұстаздар. Солардың ішінде ерекше орны бар тұлға – үздік пән оқытушысы. Бұл атақ – тек кәсіби шеберліктің ғана емес, сонымен қатар жүрекпен сезініп, жантәнімен атқарылатын қызметтің көрсеткіші.
Үздік пән оқытушысы – өз саласының нағыз маманы. Ол пәнін терең меңгеріп қана қоймай, оны оқушыларға түсінікті әрі тартымды жеткізе біледі. Мұндай ұстаз үнемі ізденіс үстінде жүреді, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, заманауи технологияларды тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыруға бар күшін салады.
Мұғалімнің басты мақсаты – шәкірттің бойындағы қабілетті ашу. Үздік оқытушы әр оқушыны жеке тұлға ретінде танып, олардың білімге деген қызығушылығын оята біледі. Ол тек білім беріп қана қоймай, оқушыларды тәрбиелеуде де үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ үздік пән оқытушысы – әріптестеріне үлгі, мектеп ұжымы үшін – тірек. Ол тәжірибесімен бөлісіп, жас мұғалімдерге бағыт-бағдар береді. Оның еңбегі шәкірттерінің жетістіктері арқылы бағаланады. Түрлі олимпиадалар, ғылыми жобалар мен конкурстарда жүлделі орындар иеленген оқушылар – ұстаз еңбегінің жемісі.
Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде оқытушылар арасында «Жалпы пәндер» бірлестігінің жетекшісі Шолпан Қалибекқызының ұйымдастыруымен «Үздік жалпы пән оқытушысы – 2025» колледжішілік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқытушылардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екенін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерін жұмсауға баулу.
Байқау «Өзін-өзі таныстыру», «Панорамалық сабақ», «Ситуациялық тапсырмаларды орындау» сынды кезеңнен тұрды. Колледжішілік байқауға Ғабит Қалыбаев, Айдана Кенжебаева, Гүлжазира Байтерекова, Гүлзира Айтқұлова, Жазылбек Садуов, Ажар Қырғызбаева, Айкүміс Қосуақова, Айбек Раймбаев сынды жалпы пән оқытушылары қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Байқау барысында білім беру мекемесінде шығармашылықпен айналысатын оқытушылар анықталды. Байқаудың барлық кезеңі бойынша қазылар алқасы қатысушының кәсіби шеберлік және жеке басының сапасы, оқытушылар жұмысының жүйелілігі, оқыту технологиялары, тәрбиелеу және дамыту, ашық сабақтар сапасын, қатысушылардың жаңашыл идеяларын бағалады.
Байқау нәтижесінде білікті сарапшылардың қорытындысы бойынша «Үздік жалпы пән оқытушысы – 2025» Ажар Темірқызы атанды. Шығармашылық көзқарасын, әдістемелік жаңашылдығын көрсеткен барлық байқауға қатысқан оқытушылар номинациямен марапатталды.
Қорыта айтқанда, үздік пән оқытушысы – еліміздің жарқын болашағын тәрбиелейтін, келешекке жол сілтейтін шамшырақ. Мұндай ұстаздардың еңбегі әрқашан бағалануға лайық.
Қымбат БЕРДЕШ,
Байқоңыр қаласы
27 мамыр 2025 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930