» » АУДАН ӘКІМІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ


Аудан әкімі Жосалы кентіндегі бірқатар әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты.

Сапар барысында алдымен Тәуелсіздік ықшам ауданында бой көтерген тұрғын үйлердің құрылыс сапасы мен инженерлік инфрақұрылым жағдайын қарап, тұрғындар үшін жасалған қолайлы мүмкіндіктерді бағамдады. Осы аудандағы абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады.

Мұнан соң Қазақ хандығы аллеясының қазіргі жай-күйімен танысып, оның тарихи және тәрбиелік маңызын арттыру бойынша ұсыныстарды қарастырды. Аллеяны дамыту мен оны мәдени демалыс орнына айналдыру мәселелері талқыланды.

Келесі кезекте аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметімен танысып, халықтың денсаулығын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударды. Басқарма мамандары саладағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

Жұмыс сапарының соңында аудан әкімі Жосалы кентіндегі қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтармен еркін форматта кездесу өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ашық сұхбат барысында еңбекке тартылған жандардың әлеуметтік жағдайы мен жұмыспен қамтылу барысы қозғалды.

21 мамыр 2025 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930