» » Ғасырдың Батыр Анасы

Ғасырдың Батыр Анасы

Әлемге даңқын асырған,
Ұлағаты үлгі ғасырға.
Сәлима ана ардақты,
Ілтипат – 90 жасыңа!
Нәр алып иман нұрыңнан,
Еңбектің мәнін ұғынған.
Қайратын жиып бойына,
Көрінген жеңіс тұғырдан.
Талдырмаш қыз ең ибалы,
Бойына иба жиғаны.
Құрыштай күшті жүректен,
Ерліктің даңқын сыйлады.
Қиын күндермен өткізген,
Балалық шақтың бал дәмін.
Сыбанып білек ерлерше,
Биікке қанат самғадың.
Тағдырдан көрсе қайғы мұң,
Мейірімін көкте жайды күн.

Иыққа іліп кетпенін,
Жайқалтты егін байлығын.
Өсиетімен Ыбырай атаның,
Қасиеті дарып батаның.
Егінші мәрт, жер жомарт,
Жайылды көпке атағың.
Туған жердің төсінде,
Еңбекпен жетіп табысқа.
Мың тоғыз жүз жетпіс үш,
Даңқың кетті алысқа.
Шаттықпен көңіл суарып,
Компартия ту алып.
Мәскеуде съезд толқытты,
Ел мақтанды қуанып.
Социалистік еңбектің,
Ері атандың ардақтым.
Әр тамшы терің жетелеп,
Иесі етті бар бақтың.

Өсіріп он бір баланы,
Даңққа бөлеп даланы.
Еңбекшіл Ноғай атамен,
Өткізген ғұмыр саналы.
Тағдырдың көп еді салмағы,
Ажалдың құрық қармағы.
Мезгілсіз Ноғай әкені,
Сұм ажал ерте қармады.
Қан жылап жүрек жасыған,
Құламады көңіл тасыған.
Қайсар рух жігерлі,
Жаралған жансың асылдан.
Жұлдызың жанып өңірде,
Қуаныш шаттық көңілде.
КСРО-ға депутат,
Орын алдың өмір төрінде.
Құрметтеп жатты шартарап,
Депутаттық мандат арқалап.

Ерлік пен елдік үлгісі,
Жеңіспен құрды салтанат.
Жайқалған егіс алабың,
Келтіріп сәнін даланың.
Алақанын іздеп тұрғандай,
Өзіңдей асыл ананың.
Еңбектің ерен дарасы,
Халқының қамқор панасы.
90-ға бүгін толыпты,
Ғасырдың Батыр Анасы!
Тұрса да ғалам таң күліп,
Жасайды ерлік жаңғырып.
Үлгі боп қалар ұрпаққа,
Сәлима апа мәңгілік!

Зарипа ТАСЫМОВА,
ақын, ардагер ұстаз
18 мамыр 2025 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 082
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031