» » Облыс әкімі Сырдың Сәлимасына құрмет көрсетті

Облыс әкімі Сырдың Сәлимасына құрмет көрсетті

ЖОСАЛЫ, 15 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚУАНЫШБЕК ЫСҚАҚОВ ЖӘНЕ БІРҚАТАР КӘСІПКЕР БАТЫР АНА, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ, СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ СӘЛИМА ЖҰМАБЕКОВАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ. ОҒАН АРНАЙЫ БАРҒАН АЙМАҚ БАСШЫСЫ АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ДАҢҚТЫ ДИҚАНҒА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ.
– Еңбектің шыңын бағындырып қана қоймай, дүниеге көп бала әкеліп, оларға саналы тәрбие бердіңіз. Сыр өңірінің мақтанышына айналған сіздің өмір, еңбек жолыңызды, жеңісіңіз бен жетістігіңізді жас ұрпаққа үлгі етеміз. Алғашқы тың игеру кезеңінде республикамыздың қоймасына құйылған миллиард пұт астыққа Сіздің де қосқан үлесіңіз зор, – деді құттықтауында аймақ басшысы.
Сәлима анамыз өзіне білдірілген құрметке алғыс айтып, ақ батасын берді. Елге тыныштық тіледі. Ыбырай Жақаевтың ізбасары ретінде ерлермен иық теңестіріп еңбек еткен Сәлима Жұмабекованың еңбек жолы Ақжар ауылында сауыншылықтан басталған. Байланысшы, құрылысшы болып ауылдың түтінін түзу ұшыруға өз үлесін қосқан. Ауылдық кеңесті басқарған С.Жұмабекованың жұлдызды сәті күріш шаруашылығымен тығыз байланысты. Батыр ананың Сыр маржанын өсірудегі өлшеусіз еңбегі елеусіз қалған емес. Осыған дейін «Құрмет белгісі», «Ленин» орденімен марапатталса, 1980 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал 2000 жылы «Ғасырдың Батыр анасы» атағын алса, келер жылы Астанада Елбасының қабылдауында болды. Аңыз ананың 70 жасқа толуына орай 2005 жылы «Сыр сұлуы, Батыр ана – Сәлима» атты деректі жинақ құрастырылып, телеха- бар түсірілді. 80 жылдық мерейтойы да Сыр халқымен бірге кең көлемде аталып өтілді. Оның құрметіне «Сәлима» атты күріштің жаңа сорты өндірілді. Туған ауылы Тұрмағамбетте жаңадан бой көтерген балабақшаға есімі берілді.





ЖЕЛІДЕГІ ПІКІРЛЕР:
Aglra Targanowa: Апа, тұлпарыныз кұтты болсын, сіз кандай марапат болса да лайықтысыз. Жүз жасаңыз. Алла ұзақ өмір берсін.
Талгат Капанов: Анамызға алла ұзақ өмір берсін. Аналарымыз аман болсын!
Малина Оспанова: АЛЛА БАҒЫНАН ТАЙДЫРМАСЫН. ҰРПАҒЫМЕН МЫҢ ЖАСАП, АЛЛА ЖАН-ЖАҒЫНЫҢ ТЕК ҚАНА АМАНШЫЛЫҒЫН БЕРСІН!

15 қаңтар 2020 ж. 1 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031