» » БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Осы аптада аудандық Жыраулар үйінде аудан әкімінің орынбасары Айдын Серікұлының төрағалығымен «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өтті. Жиынға Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ербол Абдрахманов, бөлім басшысы Әлсейіт Иманқұлов, облыс бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Құрақбаев, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен есепшілері қатысты.
Мемлекеттік қаржы жүйесінің ашықтығын арттыру, бюджет қаражатының жұмсалуын тиімді бақылау және қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында өткізілген жиында күн тәртібі белгіленіп, үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен олардың алдын алу мәселесі» туралы тексеру комиссиясының жоспарлау, есептілік және сапа бақылау бөлімінің басшысы Әлсейіт Аманжолұлы баяндама жасады.
– Былтыр облыстың тексеру комиссиясымен 22 аудиторлық ісшара өткізілді. Онда 144 мемлекеттік аудит объектілері және жалпы көлемі 106,6 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылған. Сонымен бірге аймақтың жалпы 146 кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есептеріне талдау және кейбір профильді бағыттар бойынша 4 сараптамалық-талдау іс-шаралары жүргізілді. Жүргізілген аудит нәтижесінде мемлекеттік және бюджет қаражатын алған жеке мекемелерде қаржылық, қаражатты тиімсіз жоспарлау, пайдалану, активтерді дұрыс басқармау бұзушылықтары, сондайақ пайда жіберіп алу кемшіліктері анықталған. Аудит барысында анықталған әкімшілік құқықбұзушылық заңымен жауаптылық қаралған фактілер бойынша 975 аудит материалдар сот және уәкілетті органдарға жолданды, – деді ол.
Мұнан соң екінші мәселе бойынша «Мемлекеттік сатып алу Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» туралы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Амангелдіұлы баяндама жасаса, үшінші мәселе «Мемлекеттік мекемелердің төлемдер жүргізу кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Әбдірахманқызы баяндама жасап түсіндірді.
Конференция қорытындысында әр баяндамашыға ұсыныс-пікірлер айтылып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңы құрылды.
Жалпы тексеру комиссиясының миссиясы – қаржы тәртібін нығайту, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады. Елдегі әрбір бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы басты назарда болмақ.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
18 мамыр 2025 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031