Топ-баннер
Топ-баннер2
» » «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өтті

«Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өтті


Аудандық Жыраулар үйінде аудан әкімінің орынбасары Айдын Серікұлының төрағалығымен «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ербол Абдрахманов, бөлім басшысы Альсеит Иманқұлов, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Құрақбаев, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен есепшілері қатысты.

Мемлекеттік қаржы жүйесінің ашықтығын арттыру, бюджет қаражатының жұмсалуын тиімді бақылау және қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында өткізілген жиында.

Тексеру комиссиясының жоспарлау, есептілік және сапа бақылау бөлімінің басшысы Альсеит Аманжолұлы «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен олардың алдын алу мәселесі» туралы баяндама жасаса, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Амангелдіұлы «Мемлекеттік сатып алу Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді пайдалану салаларын атап өтті. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Әбдірахманқызы «Мемлекеттік мекемелердің төлемдер жүргізу кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында сөз қозғап, қаржы тәртібі мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын түсіндірді.

Конференция қорытындысында әр баяндамашыларға ұсыныс-пікірлер айтылып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңы құрылды.

13 мамыр 2025 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 587
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 374

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031