» » ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ

ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ

Ұлттық болмысымыз, ұлттық құндылықтар ең алдымен ауыл топырағында қалыптасатыны хақ. Осындай ауыл топырағынан нәр алған перзенттер қазір еліміздің әр түкпірінде елге қызмет етуде. Осындай жанның бірі – Төребай би ауылының төл перзенті Берік Жұбанышев.
Жуырда биік армандарға қол жеткізген білікті тарихшы, ғылым кандидаты, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің тарих кафедрасының меңгерушісі Берік Темірханұлымен №199 орта мектепте «Еңбек жолы – елге қызмет» тақырыбында кездесу семинары ұйымдастырылды. Тарих пәнін оқытудағы заманауи бағыттарды талқылау, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолдарын қарастыру және аудан мұғалімдері арасында тәжірибе алмасуды мақсат еткен семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Айгүл Қосанова және аудан мектептерінен 30 тарихшы мұғалім қатысты.
Мәнді іс-шараның «Өмір жолы өнеге» атты І бөлімі оқушылардың ел ағасына арналған әдеби-музыкалық монтажымен бастау алды. «Өмір белестері» атты ІІ кезеңде Берік Темірханұлымен сұхбат жүргізіп, өмір жолы мен жеткен жетістіктеріне еркін форматта сүбелі әңгіме өрбіді. Тарих төңірегінде толымды ойлар талқыға түсіп, жаңа ақпараттар айтылды. Кездесу соңында Берік Темірханұлы семинарға қатысушы тарих пәнінің мұғалімдері мен мектеп ұжымына «Тарихи оқиғаларды талдаудың әдістері» әдістемелік нұсқаулығын тарту етті.
Семинарды қорытындылауда аудандық білім бөлімінің әдіскері Айгүл Қосанова мен мектеп директоры Жаннат Құлданова сөз алып, кездесу кешінің қонағы, ғылым кандидаты Берік Темірханұлына білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мажитқызының алғысын табыстап, семинарға қатысушылар және мектеп ұжымына алғысы мен ризашылығын білдірді.
Мектеп директоры Жаннат Алмабайқызы 2024-2025 оқу жылында Берік Темірханұлының демеушілігімен «Туған ел – әр адамның түпқазығы» тақырыбында мектепішілік байқау ұйымдастырылып, білім алушылардың оқуға, білім алуға деген қызығушылығын арттырғанын тілге тиек етті. Семинар кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Қазиевтың қолдауымен құрметті қонақ Берік Темірханұлына шапан жабылып, ұжым атынан алғыс хат табысталып, естелік суретке түсумен қорытындыланды.
Бұл кездесу тәжірибе алмасатын семинар ғана емес, келелі кездесу болғаны анық. Өзі біліп қана қоймай, білімін өзгемен бөлісуді, туған жерге қамқор болуды құп көретін ел ағасына айналған перзенттің өнегесі – көпке үлгі.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
18 мамыр 2025 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031