» » ЕҢБЕК ЖОЛЫ ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ

ЕҢБЕК ЖОЛЫ ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ


Ұлттық болмысымыз, ұлттық құндылықтар ең алдымен ауыл топырағында қалыптасатыны қақ. Ауылдан шыққан қарапайым жігіт болғанымен мақтансақ еш өкінбейміз. Иә, әрбір адамның өмір жолы – өзіндік бір кітап. Бұл кітапта жеңістер, қиындықтар, биік армандар мен асыл мұраттар бар.

Биік армандарға қол жеткізген туған жерден шыққан білікті тарихшы, ғылым кандидаты, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің тарих кафедрасының меңгерушісі Жұбанышов Берік Темірханұлымен №199 орта мектебінде «Еңбек жолы – елге қызмет» тақырыбында кездесу семинары ұйымдастырылды.

Кәсіби кездесу семинарына аудандық білім бөлімінің әдіскері Қосанова Айгүл Әлібекқызы мен ауданымыздағы №30 мектептің тарих пәні мұғалімдері қатыстырылды.
Тарих пәнін оқытудағы заманауи бағыттарды талқылау, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолдарын қарастыру және аудан мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген шарада
«Өмір белестері-сыр-сұхбат» ІІ кезеңінде Берік Темірханұлымен сұхбат жүргізіп, өмір жолы мен жеткен жетістіктеріне еркін форматта сұрақ-жауапқа тоқталды.

Берік Темірханұлы семинарға қатысушы тарих пәнінің мұғалімдері мен мектеп ұжымына «Тарихи оқиғаларды талдаудың әдістері» әдістемелік нұсқаулығын тарту етті.

Қорытынды кезеңінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Қосанова Айгүл Әлібекқызы мен мектеп директоры Кулданова Жаннат Алмабайқызы сөз алып,аудандық білім бөлімінің әдіскері Айгүл Әлібекқызы кездесу кешінің қонағы, ғылым кандидаты Берік Темірханұлына білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мажитқызының Алғысын табыстап, семинарға қатысушылар және мектеп ұжымына алғысы мен ризашылығын білдірді.
№199 орта мектептің тарих пәні мұғалімдері Сарсенбек Аңсат Сарсенбекұлы, Мырзағалина Балдай Ғалымжанқызы, Көзейбаева Ақжан Манатқыздарына аудандық білім бөлімінің Сертификаты берілді.

Семинар соңында құрметті қонақ Берік Темірханұлына шапан жабылып құрмет көрсетілді.

09 мамыр 2025 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 496

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031