» » ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІК, ӨШПЕС ДАҢҚ

ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІК, ӨШПЕС ДАҢҚ


Ұлы Жеңіс күні- қасиетті де қастерлі мереке. Көк аспанның астында, бейбіт өмір мен көк байрағымыздың мәңгілік желбіреуі үшін орасан үлес қосқан ер азаматтар мен ардагерлерді құрмет тұту- бүгінгі ұрпақтың басты парызы. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батыр жауынгерлерімізді үлгі тұту мақсатында аудан әкімі Жандос Еркінбек “Тағзым” алаңында 9 мамыр- Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шараға қатысып, жұртшылықты маңызды мерекемен құттықтады.

Аудан әкімі өз сөзінде- “Бұл күн жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс – батылдық пен қаһармандықтың, халқымыздың бірлігінің беріктігі мен қайсар рухының мерекесі. Біз Ұлы Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына және тылда ерен еңбектің үлгісін көрсеткен аталарымыз бен апаларымызға бас иіп, тағзым етеміз”,- деп халық қаһармандарының жалынды рухтарын ерекше атап өтті.

Одан соң, “Мәңгілік алау” монументіне гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты шараны аудан өнерпаздары майдангерлердің жалынды рухтарын бейнелейтін патриоттық әндерімен қорытындылады.

09 мамыр 2025 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930