» » Қармақшыда жеңіс күні аталып өтті

Қармақшыда жеңіс күні аталып өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін ауданда Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне орай батыр бабалар рухына тағзым ету іс-шарасы өтті.
Тағылымы мол іс-шарада Мәңгілік алау мемориалына гүл шоқтары қойылып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлердің рухына құран бағышталды.

Іс-шара барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек алғы сөз алып, елдің еркіндігі мен егемендігін қорғаған батырлардың өшпес ерліктерін айрықша атап өтіп, барша қармақшылықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Сондай-ақ, Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков құттықтау сөз сөйлеп, халқымызға бірлік пен бейбіт өмір тіледі.

Іс-шара соңында аудан өнерпаздары мерекеге орай ән-жырдан шашу-шашып, соғыс жылдарындағы әндерді әуелете шырқап, жиналған жұртшылықты жігерлендірді.
09 мамыр 2023 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30