Құрылтай
» » Қармақшы ауданы әкімі вьетнам соғысының ардагерін құттықтады

Қармақшы ауданы әкімі вьетнам соғысының ардагерін құттықтады

qarmaqshy-tany.kz 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандық мәслихат төрағасы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасымен бірге Вьетнам соғысының ардагері Бисенов Иса ағайдың отбасында болып айтулы мерекелермен құттықтады.

Ардагер отбасында аудан әкімі «Жеңіс символы» лентасын ардагер омырауына тағып, құттықтау хат беріп, сый-сияпат табыстады.
Иса Бисенов 1942 жылы туылған.
Вьетнам елінің басынан өткен тағдырлы кезеңдерінде әскери қызметте болып, Отан алдындағы борышын адал атқарып, үлкен беделге ие болған ардагер.

Өзінің кәсіби біліктілігі мен жинақтаған тәжірибесінің арқасында ауданның денсаулық сақтау саласында абыройлы қызмет атқарып, қазіргі таңда бейнеттің зейнетін көріп отырған ардақты әке, ойып алар өзіндік орны бар құрметті қария.
Келелі отырыста ардагеріміз аудан әкіміне және бірге құттықтап келген азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарып жатқан қызметтеріне абырой тілеп, ақ батасын берді.
07 мамыр 2023 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31