» » Қымбатты жерлестер! Ардақты ағайын!

Қымбатты жерлестер! Ардақты ағайын!

Сіздерді елдік пен ерліктің, мызғымас бірліктің символы – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл – адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 80 жыл. Бұл – Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы, батыр бабаларымыздың жанқияр ерлігі мен қажырлы еңбегін ұлықтайтын тарихи белес.
9 мамыр – батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі мен қаһармандығы тарихта алтын әріппен жазылған ұлы күн. Бұл – бізге бейбіт өмір мен баянды болашақ сыйлаған ұрпақтың алдында тағзым етіп, мәңгілік алғыс айту күні.
Біз Отан үшін от кешкен ерлердің өр рухына мәңгілік бас иеміз. Ұлы дала батырларының қайсарлығы мен отансүйгіштік рухын ұлықтау – баршамыздың перзенттік парызымыз.
Қармақшы ауданынан майданға аттанған 5000-ға жуық жерлесіміздің тек 563-і ғана елге аман оралды.
2507 азамат хабарсыз кетіп, 1025 жауынгер майдан даласында ерлікпен қаза тапты.
1 жерлесімізге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл – біздің ауданымыздың Ұлы Жеңіске қосқан орасан үлесінің айғағы.
Тыл еңбеккерлері де Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар елде тынымсыз еңбек етіп, жеңіс үшін жанын салды. Сондықтан да, біз ар алдында да, тарих алдында да ардагерлерімізге мәңгі қарыздармыз.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тек өткенді еске алу ғана емес, бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін елге қызмет етудің, ерлік пен еңбекті қастерлеудің асыл өнегесі.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – сол ерлік пен бірліктің мәуелі жемісі.
Біз олардың аманатына адал болып, ел бірлігі мен бейбіт өмірді сақтау жолында еңбек ете береміз.
Қадірлі жерлестер!
Осынау ұлы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық пен ырысбереке тілеймін!
Еліміздің көк байрағы желбіреп, тыныштығымыз тұрақты, бірлігіміз берік болсын!
Ұлы Жеңіс күні мен оның 80 жылдық мерейтойы құтты болсын!
Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
09 мамыр 2025 ж. 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 715
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031