» » ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан әкімі Жандос Еркінбек тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады. Ардагерлерге Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша берілген "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальдар мен естелік сыйлықтарды табыс етті.

Олардың қатарында сұрапыл соғыс кезінде тылда аянбай еңбек еткен 101 жастағы "Батыр ана" Райхан Оспанова, "Байланыс саласының үздігі" Әбдібек Лақбаев, жастық жалынын білім саласына арнаған Ұмсын Омарова және Вьетнам соғысына Қазақстаннан аттанған жалғыз қазақ Иса Бисенов бар.

Аудан басшысы ардагерлердің өмір жолына, тылдағы еңбектеріне тоқталып, өскелең ұрпақ үшін бұл кісілердің өнегелі өмірі — тағылым мектебі екенін атап өтті.

— «Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміз бейбіт күнге жетті. Тарих алдында, ұрпақ алдында Сіздерге қарыздармыз», — деді аудан әкімі ардагерлермен кездесу барысында.

Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген ілтипат пен құрметке ризашылығын білдіріп, Президентке, аймақ басшысына алғыс айтып,
елімізге тыныштық пен амандық тіледі.

09 мамыр 2025 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031