» » ЖАПОН ҒАЛЫМЫ ҚАРМАҚШЫДА

ЖАПОН ҒАЛЫМЫ ҚАРМАҚШЫДА

Жапонияның Обсидан және тау жыныстарын ғылымизерттеу институты мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастық келісім аясында «Арал маңы тас, қола және темір дәуірінің қыш ыдыстары археоботаникасы» атты халықаралық жобасы (2024-2027 жылдар) бойынша бүкіл әлем өсімдіктерінің генетикалық ресурстарын сақтау мен таратуға бағытталған кешенді зерттеулер жұмыстарымен айналысатын жапондық ғалымдар ауданымызға келді.
Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері PhD Ж.Утубаев және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы PhD Ы.Құрманиязов Жапонияның Ұлттық ауылшаруашылығы және азық-түлік зерттеулері ұйымының «Жетілдірілген талдау орталығының» жетекші ғалымы PhD, Масахико Кумагаиға Сырдария өзені бассейнінің атырабында орналасқан Шірік Рабат, Бәбіш мола, Бұланды кешендері және олардың айналасындағы көне суландыру жүйелерімен танысса, Мэйдзи университетінің жетекші ғылыми қызметкері, PhD Эндо Эйко аудандық музей қорындағы 20152024 жылдар аралығында Бәбіш-мола кешенінен археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған қыш ыдыстардан дән қалдықтарын алу әдісі бойынша ғылыми сараптама жұмыстарын жүргізді.
Аудандық музейдің базасында PhD Эндо Эйконың жетекшілігімен жүргізілген археоботаникалық зерттеу жұмыстарына, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Археология және этнография ғылыми орталығының ғылыми қызметкерлері Ләйлә Махамбетова, Қызғалдақ Шарапова және аудандық музейдің ғылыми қызметкерлері мен қор сақтаушысы қатысты. Сондай-ақ зерттеу жұмыстарында жапондық ғалым Эндо Эйко музей қызметкерлеріне ежелгі дәуір ескерткішінен табылған қыш ыдыстарына археоботаникалық әдіс арқылы талдау шеберлік сағатын көрсетіп, қазіргі заманғы археологияның жаңа бағыты археоботаникалық зерттеулерді кеңінен таныстырды.
Музей қорындағы бірнеше керамикалық қыш ыдыстардың бөліктеріне жүргізілген археоботаникалық жұмыстар барысында табылған дән қалдықтарына, арнайы микроскоптық сараптама жүргізгенде дәнді дақылдың тары екендігі анықталды. Зерттеуші маманның пікірінше бұл тары Арал маңындағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінен табылған әзірге ең ежелгі дақылдың ізі. Ғалымдардың пікірінше ескерткіштен табылған тары шамамен 2200 жыл бұрын өсірілген.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысында жапониялық мамандар Алматы қаласында Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры А.Оңғармен кездесті. Кездесу аясында болашақ ғылыми ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланып, археологиялық ескерткіштерден табылған дәнді дақылдарға геномдық талдау жүргізу, олардың таралу аймағы мен шығу тегін анықтауға бағытталған бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды жоспарлады.
Айтулы зерттеу жұмыстары алдағы уақытта әртүрлі технологиялық әдістермен кешенді зерттеліп, нәтижесінде ежелгі өркениет шаруашылығының негізі анықталып, сол уақыттағы адамдардың тұрмыстағы қажеттілігі туралы деректер ашылатын болады.
Өлкеміздегі ежелгі сақ кезеңіне жататын б.з.д. ІV-ІІ ғасырлармен мерзімделетін Бәбіш-мола кешенінің тек қана керамикалық қоры, бірнеше бағытта зерттеулер жүргізіп, тарихи деректердің сырын ашуға, үлкен септігін тигізетін материалдық құндылығымыз болып табылады.
Әзірбек ІЛИЯСБЕКҰЛЫ,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері
08 мамыр 2025 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 713
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031