Сыр өңірінде 309 азамат әскерге барудан жалтарып жүр
Қызылорда облысы бойынша өткен жылы әскерге шақырту алған 72 азамат медициналық комиссияға келмеген. Ал биылғы көктемгі шақыру науқанында 309 сырбойылық өрен әскери қызметтен жалтарған. Бұл – бір жарым ай бұрынғы дерек. Одан бері Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірігіп, Отан алдындағы борышын өтеуден бас тартқандардың 200-дейін іздеп тапты. Жалпы, өңірде әскерден жалтарғандардың «қара тізімін» баспасөз беттеріне жариялау ісі қолға алынғалы жастардың жасырынуы тыйылған. Мәселен, 2013 жылы өңірде мың 116 азамат сарбаз атанудан ат-тонын ала қашса, бүгінде олардың саны 4 есеге азайып отыр. Ғиззат Шалтықов, облыс бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары: - Іріктеп келгенде іздеу барысында анықталып жатқандардың көбісі әскери есепте Қызылордада тұрып, басқа облыстарға шығып кеткендер. Уақтылы келіп, есептен шықпаған, сондықтан тізімге қосылып кеткен. Жартысы студенттер. Күндізгі оқу бөлімінде олар заң бойынша әскери шегеріледі. Олар да уақтылы оқып жатырмын деген құжат әкелмеген. Сондықтан олар да сол тізімге кіріп кеткен.