» » Кітапхана – рухани құндылықтар ордасы

Кітапхана – рухани құндылықтар ордасы

Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №277 мектеп-лицейінің қабырғасында өткен «Кітапхана – рухани құндылықтар ордасы» атты аудандық әдістемелік семинар – шын мәнінде мазмұн мен мағынаға, ізденіс пен ілгерілеуге толы тағылымды басқосу болды.

Поэзия кеші – жүректің үніне айналды.
«Поэзия менің жүрегімде» атты көркем кеш – көрерменнің жүрегін тербеген шынайы сезім, жас ұрпақтың жырға деген іңкәр көңілін оятқан рухани ләззат болды. Өлең сөздің құдіреті мен өнердің әсері үйлескен бұл кеш – семинардың көркем шымылдығы болды.

Кітапханашылардың тәжірибе алмасуы – кәсіби кемелдіктің айғағы.
Кітапхана жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдермен бөліскен іс-тәжірибе алаңы – әріптестік рухты нығайтып, жаңа ойларға жол ашты. Кітапханашылардың шеберлігі мен шығармашылық көзқарастары әрбір тыңдаушыға серпін беріп, кәсіби дамуға деген қызығушылықты арттырды.

«Кітапты оқи, түсіне, сүйе білейік!» – рухани серпілістің жарқын көрінісі.
Тэйбл-ток форматында ұйымдастырылған бұл ерекше жұмыс – көрерменге ой салды, кітап оқудың мәні мен маңызын ашып көрсетті. Әрбір сөзден, әрбір пікірден кітапқа деген шынайы сүйіспеншілік сезіліп тұрды.

«Әдебиет әлемі – әсерлі, әдемі» – зияткерлік ой мен көркем ойдың тоғысы.
Интеллектуалдық-танымдық бағыттағы бұл жоба – оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, көркем шығармалармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдерін ұсынды. Шебер ұйымдастырылған, мазмұны бай бұл жұмыс ерекше әсер қалдырды.

«Кітап оқуға құмарлық ертегіден басталады» – балалық қиял мен рухани тәрбиенің тоғысы.
Кішкентай оқырмандардың жүрегіне жол тапқан бұл тәрбиелік шара – ертегінің сиқырлы әлемі арқылы кітап оқуға деген қызығушылықты оятып, рухани тәрбиеге бағытталған жарқын үлгі болды.
«Ұлы Жеңіс: ерлікке - тағзым, ұрпаққа – үлгі» – тарих пен тағзым тоғысқан тағылымды шара.
Патриоттық рухта өткен концерттік бағдарлама – көрерменге терең әсер қалдырды. Отанға деген сүйіспеншілік, батырларға деген құрмет, өткенге тағзым – бәрі осы бір мағыналы сахналық қойылым арқылы жүрекке жетті.
Семинар қорытындысында қатысушылар бір-біріне алғыс білдіріп, кітапхана мен әдебиеттің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды орнына тағы бір мәрте көз жеткізді.
Осындай игі бастамалар – руханияттың тірегі, ізгіліктің дәнекері. Әр жұмыс – шабыттың, ізденістің, кәсіби шеберліктің көрінісі болды.

26 сәуір 2025 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930