» » МАРАЛ БАБА ЖОЛЫ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ЗИЯРАТ ЕТУ ҚОЛАЙЛЫ БОЛА ТҮСТІ

МАРАЛ БАБА ЖОЛЫ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ЗИЯРАТ ЕТУ ҚОЛАЙЛЫ БОЛА ТҮСТІ


Қармақшы ауданында тарихи-рухани орындарға қолжетімділікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның аясында бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Марал баба кесенесіне апаратын жолдың жаңғырту жұмыстарының сапасымен танысып, атқарылған жұмыстарға бақылау жасады.

Аудан халқы мен зиярат етушілер үшін ерекше маңызға ие бұл жолдың жалпы ұзындығы — 6,5 шақырым. Бұған дейін азаматтар баба кесенесіне жету үшін 12 шақырымдай айналма жолмен қатынап келген болатын. Қазіргі таңда салынған жаңа төте жолдың арқасында бұл қашықтық екі есеге жуық қысқарып, 6,5 шақырым ғана жол жүру жеткілікті болып отыр.

Аталған жолдың жөндеу және жаңғырту жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айында толық аяқталып, пайдалануға берілді. Аудан әкімі сапар барысында жауапты сала жетекшілеріне жол сапасына байланысты нақты тапсырмалар беріп, анықталған кемшіліктерді кепілдік мерзімі аясында қысқа уақыт ішінде қалпына келтіруді жүктеді.

Бұдан бөлек, алдағы кезеңде аудандық бюджет және демеушілер есебінен Марал баба кесенесін жөндеу, сондай-ақ кесенеге кіре беріс жол бойына күндізгі және түнгі мерзімде жарықтандырылған бағыттаушы белгі орнату жоспарлануда.

26 сәуір 2025 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031