» » ЕРЕН ЕРЛІККЕ – ЕЛДІК ІЛТИПАТ

ЕРЕН ЕРЛІККЕ – ЕЛДІК ІЛТИПАТ


Ауданда Чернобыль атом электр станциясы апатына 39 жыл толуына орай тағзым ету және құрмет көрсету іс-шарасы өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, аудандық ардагерлер кеңесі, Ауғанстан және аймақтық соғыс, Невада-Семей, Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері қатысты.

Тағылымы мол іс-шарада Чернобыль ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, апат зардабынан қаза болған батырлар рухына құран бағышталды.

Одан соң, іс-шарада алғашқы болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары адамзат тарихындағы қуаттылығы жойқын техногендік апат салдарын жоюға қатысқан жерлестеріміздің ерлігі мен жігері, батырлықтары үшін ризашылығын білдіріп, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, адамдарды зиянды әсерден және радиацияның одан әрі таралуынан қорғаған азаматтарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Сондай-ақ, радиация әсерінен қаза болған азаматтардың отбасыларына сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Іс-шара соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков жылы лебізін білдірсе, аудандық Чернобыль ардагерлері кеңесі төрағасы М.Қосназаров ардагерлер атынан ризашылығын жеткізді.

26 сәуір 2025 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 088
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 745

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031