Құрылтай
» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен жұмыс мәжілісінде өңір дамуының өзекті бағыттары – газ саласын дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және тарихи-мәдени мұраларды сақтау мәселелері кеңінен қаралды.

Мәжіліс барысында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы сараланып, Қармақшы ауданын газдандыру деңгейін арттыру, жаңа желілер тарту, ескі инфрақұрылымды жаңарту және елді мекендерді біртіндеп табиғи газға қосу мәселелері талқыланды. Аталған жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастырып, өмір сүру сапасын арттыру.

Сонымен қатар, өңірдегі мәдени мұра нысандарын сақтау мен оларды әлемдік деңгейде таныту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, ЮНЕСКО қамқорлығымен жүзеге асырылып жатқан бастамалар шеңберінде тарихи орындарды қалпына келтіру, ғылыми-зерттеу және насихаттау жұмыстарын жүйелі жолға қою міндеті қойылды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі сала жетекшілеріне нақты міндеттер жүктеп, әр тапсырма бойынша орындалу мерзімдері мен нәтижелерді бақылау тетіктерін бекітуді тапсырды.

24 сәуір 2025 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31