Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНДЕ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІС ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНДЕ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІС ӨТТІ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен мәжілісте креативті индустрияны дамыту және мәдениет пен өнер саласын цифрландыру мәселелері қаралды. Отырысқа мекеме және кәсіпорын басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мәжілісте аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, мәдени-шығармашылық саланы дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді. Осы ретте «Адал адам» мәдени-тәрбие орталықтарының тұжырымдамасына сәйкес, аудандағы барлық мәдениет ұйымдары жанынан «Креативті HUB» жобасын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Жоба аясында мәдени шаралар тұрақты ұйымдастырылуы тиіс.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен салынған «Руханият» орталығында мәдени-көпшілік іс-шараларды тұрақты өткізу міндеттелді.

Мәжіліс барысында аудан әкімі әскер қатарының толығуы елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының басты кепілі екенін айтып, әскерге шақырылушылардың шақыру пункттеріне уақытылы және толық келуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, креативті индустрияны дамыту мен әскери міндеттілікті орындау бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды.

19 наурыз 2025 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031