» » Жалынды Жанельдің жеңісі

Жалынды Жанельдің жеңісі

Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауатыны анық. Оқу, білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді.
Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы. Осы орайда білім белесінде біршама белесті бағындырып жүрген жерлес жастарымыз аз емес. Газетіміздің алдыңғы сандарында Қазақстанның үздік студенттері атанған жастарды үлгі етсек, осы жолы «Орта Азияның үздік студенті» номинациясын иеленген Жанель туралы сөз етпекпіз.
Жанель Әбілтаева ауданға қарасты Қуаңдария ауылының тумасы. Ауылдағы No186 мектепте білім алған. Оқушы кезінен-ақ қоғамдық жұмыстарға белсенділігімен көзге түсіп, дебаттарға қатысып, мектеп парламенті құрамында болған. Мектепті үздік аяқтап, Алматыдағы Қыздар педагогикалық университетінің «Физика пәнінің мұғалімі» мамандығына мемлекеттік грантпен оқуға түседі. 2 курсты тәмамдауға жақын қалған Жанель оқу орнында да белсенді. Институттың іс-шараларын ұйымдастырушы қызметін атқарушы, студенттік декан орынбасары ісін де жауапкершілікпен алып жүрген жастың еңбегі де елеусіз емес.
Өткен оқу жылында институт директоры белсенділігі үшін марапаттаса, «Жастар медиа» ұйымының төрағасы да Алғыс хат табыстаған. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Жанель университет көлемінде өткізілген біршама іс-шараның басы-қасында жүреді. Сонымен қатар өзі тұратын студенттер үйінде де тазалық комитетінің мүшесі болған. Осы белсенділігімен қатар, сабағын да үздік оқып, ғылыми мақала жазуды да қолға алған. Жан-жақты Жанельдің «Интернаука» баспасында «Галактика ғалымдардың көзімен» тақырыбында мақаласы жарияланса, биылғы оқу жылында «DARA QAZAQ» журналына «Физикадағы элементер бөлшектер» тақырыбында мақаласы жарыққа шыққан. Одан бөлек жеке дамуды да қолға алған сұлу қыз бүгінгі заман талабына сай «СММ» және «Мобилография» салаларын меңгеріп, сертификат иеленген.
Қарапайым қалпымен көптің көңілінен шығып, білім мен ғылымға, қоғамдық жұмысқа, өзін дамытуға уақытын үйлестіре білген Жанель Бабырқызы жуырда «Орта Азияның үздік студенті» атанып, төсбелгі тағынды. Белсенді жастың өмірлік ұстанымы айқын. Басты ниеті – елге қызмет ету.
– Университеттегі табыстарым жеңіске жетуіме көмектесті. Ғылым жолында көп еңбек сіңіріп, еліміз үшін маңызды жаңалықтар мен тың жобаларды әзірлегім келеді. Әсіресе өзім білім алып жатқан салаға да көп өзгеріс керек. Соның жолында алғашқы қадамымды бастадым. Бұл марапат – маған берілген жауапкершілік. Орта Азияның үздік студенті атану – ертеңгі үздік маман деген сөз деп те түсінемін. Сондықтан барымды саламын. Менің өмірдегі басты мақсатым – білімді әрі білікті маман болумен қатар үкілеген үмітті ақтаған перзент, келешек ұрпаққа қалдырар мұрасы бар, аларынан берері көп, нағыз ұлтжанды, еңбектің өнбегін адал алатын, пайдасы көпке тиетін дара тұлға болу. Осы жолда үздіксіз ізденуге, білім алуға бармын. Арман-мақсатыма қарай Абайша айтқанда, «Ақырын жүріп, анық басып келемін», – дейді Жанель.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
12 сәуір 2025 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930