» » ҰЛТ БОЛАШАҒЫ - ҰСТАЗДАР ҚОЛЫНДА

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ - ҰСТАЗДАР ҚОЛЫНДА


Облыс орталығындағы №290 орта мектепте Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың білім саласы өкілдерімен кездесуі.

Жиынға сала ардагерлері, білім басқармасы мен бөлімінің мамандары, мектеп директорлары, ұстаздар шақырылды.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауы мен аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей бастамасымен білім саласы бойынша өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Президент кеңесшісі өз сөзінде 2026 жылы Ұлттық құрылтайдың V отырысының Сыр елінде ұйымдастырылатынын ерекше атап өтті.

«Алашқа ана атанған Сыр өңірінде мұндай ауқымды жиынның өтуі – айрықша жауапкершілік. Бұл – еліміздің болашағын айқындайтын, елдік мүддені биікке көтеретін алаң», – деді Мәлік Нұржанұлы.

Кездесу барысында білім беру мазмұнын жаңғырту, жас ұрпақты жаһандық өзгерістерге бейімдеу, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру мәселелері де қозғалды.

Жиын соңында педагогтер өз ұсыныстарын білдіріп, саладағы түйткілді мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі



11 сәуір 2025 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031