» » АУДАНДА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАНДА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Қармақшы ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру мәселелері бойынша арнайы мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек төрағалық етіп, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме мен кәсіпорын басшылары қатысты.

Күн тәртібінде цифрлық жүйелерді енгізу, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қаралды. Аудан басшысы облыс әкімінің тапсырмаларын орындау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар, мәжілісте өңірдің су қабылдау кезеңіне дайындығы талқыланды. Су шаруашылығы мекемелеріне су нысандарының техникалық жағдайын зерделеу, каналдарды тазарту жұмыстарын жүргізу және тиісті шаралар бойынша есеп беру тапсырылды. Су ресурстарын тиімді пайдалану, егістік пен экологиялық қажеттіліктерге жеткілікті көлемде су бөлу мәселесі қатаң бақылауға алынатыны атап өтілді.

Жиында сондай-ақ, биылғы оқу жылының аяқталуына байланысты жазғы тынығу лагерьлерінің жұмысын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Маусым айынан бастап оқушылардың демалысын тиімді өткізу мақсатында лагерьлердің қызметі басталатыны және балалардың өзге өңірлерде тынығуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

02 сәуір 2025 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 808
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930