» » АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕКПЕН ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕ

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕКПЕН ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕ

Зейнетке шығу – әр адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Жастық шағын еңбекпен өткізген әр адамның құрметпен зейнетке шығуы абырой, кейінгіге үлгі боларлық дәреже. Жақында аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Мәлікқызын зейнет жасына толуымен құттықтады.
Аудан басшысы Гүлнар Мәлікқызының денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылғы еңбегін атап өтіп, 40 жылға жуық ауданымыздың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Кәсібилігі мен жауапкершілігі арқасында саланың дамуына сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.
Жиын барысында адал еңбек жолында абыройлы еңбекпен зейнетке шығып жатқан Гүлнар Мәлікқызына аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімімен ауданның ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасы» табысталды. Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева құттықтау сөз сөйлеп, мерейгер еңбегіне ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.
Іс-шарада Гүлнар Мәлікқызы көрсетілген құрметке алғысын айтып, әріптестеріне ризашылығын білдірді. Ол өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған жұмыстың әрі қарай да өз жалғасын табатынына сенім білдіріп, саладағы әріптестеріне табыс тіледі.
«ҚТ» ақпарат
23 наурыз 2025 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031