» » «БІР МЕКТЕП – БІР ЖОБА» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНДЕ

«БІР МЕКТЕП – БІР ЖОБА» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНДЕ


Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында «Бір мектеп – бір жоба» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткен болатын.

Бүгін Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей базасында байқаудың екінші күнінде №269 мектептің директоры Есіркепова Әсем тарих пәнінен, №250 мектеп-лицейінің директоры Еркебаева Гүлзира орыс тілі пәнінен, №183 мектептің директоры Әшірова Гүлнара математика пәнінен, №106 мектептің директоры Әбдібекова Индира көркем еңбек пәнінен, №107 мектептің директоры Нұрманов Бақытбек цифрлық сауаттылық пәнінен, №277 мектеп-лицейінің директоры Ұзақбаев Ғалымжан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен, №26 мектептің директоры Ерғалиева Мәуегүл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, №275 мектептің директоры Байділдаева Гүлзира информатика пәні бойынша түрлі тақырыптарда ашық сабақтар мен мектептер бойынша жобалық жұмыстарын көрсетті.

«Бір мектеп – бір жоба» байқауының екі күндік жұмыстар барысын білім бөлімінің басшысы бастаған қазылар алқасы өзара талқыға салып, мектеп директорларының шығармашылық жұмыстары мен жетістіктерінің бар мүмкіндіктерін саралай отырып, жоба жеңімпаздарын анықтады.

Нәтижесінде «Бір мектеп – бір жоба» байқауының облыстық кезеңіне №277 мектеп-лицейінің директоры Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлы және №275 мектеп-лицейінің директоры, «Білім берудегі 1000 көшбасшы кадр резервін қалыптастыру» жобасының жеңімпазы Байділдаева Гүлзира Нұрділдақызы жолдама алды.

Сонымен қатар байқауға қатысқан басқада барлық басшылар арнайы дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

15 наурыз 2025 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031