Мектеп директорларының арасында «Бір мектеп – бір жоба» облыстық байқауының аудандық кезеңі басталды
Бүгіннен бастап аудандағы білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында «Бір мектеп – бір жоба» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңі басталды.
Байқаудың міндеттері:
- мектеп директорларын инновациялық қызметке, кәсіби өзін-өзі танытуға ынталандыру;
- білім беру жүйесінде мектеп басшысының мәртебесін арттыру және оң әлеуметтік кәсіби имиджін қалыптастыру;
- білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;
- педагогикалық менеджменттің басқару функцияларын жүзеге асыру.
Байқаудың шарты бойынша мектеп басшылары кент орталығындағы №121,№250 мектептер базасында 13-14 наурыз күндері кестеге сәйкес өз пәні бойынша кез келген сыныпқа сол күнгі тақырыпта ашық сабақ өткізіп, мектептің даму бағдарламасы аясындағы жобаларын қорғайтын болады.
Қазылар алқасының құрамына білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы, білім саласының білікті ардагерлері мен аудандық білім саласының мамандары қатысуда.
Бүгін №80 мектеп-гимназиясының директоры Берден Қалмаханов физика пәнінен, №29 мектептің директоры Ақмарал Жарасова орыс тілі мен әдебиеті пәнінен, №109 мектептің директоры Алмағанбетов Бақытбек құқық негіздері пәнінен, №99 мектеп директоры Есқожа Шаркүл орыс тілі пәнінен, №199 мектептің директоры Құлданова Жанат физика пәнінен, №113 мектептің директоры Демеубаева Жанат құқық негіздері пәнінен, №121 мектептің директоры Мұхтар Жұматаев тарих пәнінен,№85 мектептің директоры Тәжібаев Жасұлан кәсіпкерлік бизнес негіздері пәнінен, №28 мектептің директоры Оспанов Амантұр дене тәрбиесі пәнінен түрлі тақырыптарда ашық сабақтары мен мектептер бойынша жобалық жұмыстарын көрсетуде.