» » «Бір мектеп – бір жоба» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Бір мектеп – бір жоба» байқауының жеңімпаздары марапатталды


Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында «Бір мектеп – бір жоба» облыстық байқауының қалалық кезеңі өткен болатын.

Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей базасында байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ кометінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы қатысты.

– Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін – әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Сіздер «Бір мектеп – бір жоба» байқауы аясында ашық сабақ өткізіп, жоба қорғадыңыздар. Сіздерге шығармашылық жетістік тілеймін, – деді Ерлан Теңізбайұлы.

Байқауға қатысқан барлық басшылар арнайы алғыс хаттар мен қалалық кәсіподақ комитетінің ақшалай сыйлықтары табысталды.

«Бір мектеп – бір жоба» байқауының облыстық кезеңіне №264 мектеп-лицейінің директоры Бек Сұлтанбекұлы, №101 мектеп-лицейінің директоры Айгүл Алтынбекқызы, №10 мектеп-лицейінің директоры Асылбек Бақытбекұлы жолдама алды.

Облыстық кезеңге жолдама алған әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

01 наурыз 2024 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930