» » «Бір мектеп – бір жоба» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілуде

«Бір мектеп – бір жоба» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілуде

Бүгіннен бастап аудандағы білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында 27-28 ақпан күндері «Бір мектеп – бір жоба» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңі өткізіледі.

Байқаудың міндеттері:
- Мектеп директорларын инновациялық қызметке, кәсіби өзін-өзі танытуға ынталандыру;
- Білім беру жүйесінде мектеп басшысының мәртебесін арттыру және оң әлеуметтік кәсіби имиджін қалыптастыру;
- Білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;
- педагогикалық менеджменттің басқару функцияларын жүзеге асыру.

Байқау шарты бойынша мектеп басшылары өз пәнінен ашық сабақ өткізіп, мектептің даму бағдарламасы аясындағы жобаларын қорғайтын болады.

Осы ретте бүгін білім бөліміне қарасты Е.Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицей директоры Аманова Фарида Оңдабайқызы қазақ әдебиеті пәнінен М.Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы туралы "Менің пікірім" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты: үш құндылыққа негізделіп, оқушыларды рухани құндылыққа баулу арқылы адам бойындағы ар-ұят, адалдықты жоғары бағалау, табиғатты сүю, құрметтеу мақсаттарына негізделді.

28 ақпан 2024 ж. 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930