» » ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ


Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Бүгін осы орайда Жосалы кентінде орналасқан № 20 «Толғанай» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық тәрбие негізінде балаларды еңбекке баулу» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарға арнайы білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы қатысып, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталып, ел ертеңі болар бүгінгі бүлдіршіндеріміздің ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз етіп тәрбиелеу басты қағида екендігін айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинар бағдарламасы аясында «Театрға саяхат», «Әжемнің тәтті бауырсағы», «Ою-өрнек», «Ұлттық ойындар» тақырыптарында танымдық сабақтар көрсетіліп, балаларды жалпы сөйлеу тілін дамыту,ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау арқылы және ұлттық құндылықтар барысындағы түсініктерін кеңейту мақсаттарында жұмыстар көрсетілді.

Семинарға аудандағы мектепке дейінгі ұйымдардан 36 педагог қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

14 наурыз 2025 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930