» » ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚҰТ-МҰРАСЫ

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚҰТ-МҰРАСЫ

Аудандық архивке топ саяхат. «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық архиві» филиалы мекемесінде № 121 орта мектебінің педагог- ұйымдастырушы С. Әбдуалиев 5 "б" сынып оқушыларымен бірге топ саяхатта болып, ҰОС-ы Жеңісінің 80-жылдығы мерекесі қарсаңында және Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және Отаншылдық" бағыты бойынша Еңбек ардагері, Батыр ана С.Жұмабекованың 90 жылдық мерекесіне орай «Жақсының жақұт мұрасы» атты көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Архив қорында сақтауда тұрған жеке тектік қор иесі, Еңбек ардагері, Батыр ана Сәлима Жұмабекованың өмірбаяны мен еңбек жолдарымен таныстыру.
Көрмеге Еңбек ардагері С.Жұмабекованың өмірбаяны, «Құрмет белгісі» ордені мен куәлігі, «Социалистік Еңбек Ері» куәлігі, «Тыңға-50 жыл» мерекелік медалі, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығы» медальдары мен куәліктері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы куәлігі, Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясының құттықтау хаты, депутат болып сайланған куәліктері, «Батыр ана» медалін беру туралы хаттама, Д.А.Қонаевтың алтын жұлдыз тағу сәтінен, аудан әкімі Б.Қаюповпен және шаруа қожалығы басшыларымен бірге егістік алқабында түскен фотосуреттері, жеке суреттері, аудандық Қармақшы таңы газетіне жарияланған «Жердегі жұлдыз» атты мақаласы, ардагер жайлы деректер қамтылған «Сән мен сахна» журналы, «Ақжарым - ауылым, алтын бесігім», «Ана-өмір, Ана-нұр», «Сәлиманың көктемі», «Қармақшы» кітаптары қойылды.
Көрме «Руханият орталығы» ғимаратында өткізілді.

13 наурыз 2025 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 751

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031