» » БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ – ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ПОЛИГЛОТТАР

БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ – ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ПОЛИГЛОТТАР

21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай Қармақшы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы Қармақшы ауданы бойынша оқытушыларының ұйымдастыруымен «ПОЛИГЛОТ» аудандық байқауы өтті.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, облыс әкімдігінің іс-қимыл жоспарын орындау, тіл саясатының оңтайлы жүзеге асуына үлес қосу мақсатында өткен байқауға көп тіл меңгерген мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері қатысты.

«Аламан бәйге», «Ой қозғау», «Полиглот», «Шешендік шиырлары» кезеңдері бойынша сынға түскен қатысушылар байқау барысында белсенділік танытып, әрқайсысы өз алдына озық шығуға ұмтылғаны көңілге медет сыйлады.

Аудандық деңгейде өткізілген байқауға Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» аудандық филиалының төрайымы Раева Гүлжауһар Төлегенқызы төрағалық еткен қазылар алқасы, Орталықтың Қармақшы ауданындағы мемлекеттік тіл оқытушысы Дүзенова Гүлжанат Өмірқызы және Орталықтың Қармақшы ауданындағы орыс тілі оқытушысы Сейілова Роза Бәймішқызы қазылық етіп, қатысушылардың ұпайларын бекітілген ережеге сәйкес саралады.

Байқау қорытындысы бойынша үздік үштікті аудандық музейдің экскурсия жүргізушісі Сахиева Баршагүл Жеңісбекқызы түйіндесе, аудандық кітапхананың кітапханашысы Қосназарова Динара Мұратбекқызы ІІ орынға тұрақтады. Ұпай саны бойынша үздік деп танылған аудандық мәдениет үйінің халық театрының режиссеры Мадияр Махамбетұлы І орынға лайық деп танылды.

Байқау жеңімпаздарына арнайы Диплом және Орталық тарапынан қаржылай сыйақы табысталды. Қалған қатысушылар Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды

19 ақпан 2025 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31