» » «Этно Quiz» интеллектуалды сайысы болып өтті

«Этно Quiz» интеллектуалды сайысы болып өтті

«Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ мен Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 11 сәуірінде Қармақшы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелер қызметкерлерінен құралған командалар арасында «Этно Quiz» интеллектуалды сайысы өтті.
Ұлттық құндылықтарды, мәдениет пен өркениетті, руханият пен тілді насихаттай отырып, патриоттық сезім қалыптастыру үшін ұйымдастырылған сайысқа Қызылорда облысы Тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Жаныгүл Ерекешова, халықаралық Қазақ тілі қоғамы Қармақшы аудандық филиалының төрайымы Гүлжауһар Раева, қоғам белсендісі, тіл жанашыры Шегебай Құндақбаевтар қатысып, сарапшылық етті.
Сайыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Қызылорда облысы әкімдігінің 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын орындау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық рухты көтеру және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты мекемелер арасындағы әріптестік байланысты нығайту.
Интеллектуалды сайысқа мәдениет бөліміне қатысты мекемелер қызметкерлерінен құралған 5 команда қатысты. Сайыс қатысушылары бекітілген Ережеге сәйкес «Quiz time», «Суреттер сөйлейді», «Жұмбақ әуен», «Тұлғаны таны», «Кино time» деп аталатын 5 кезең бойынша тапсырмалар орындады.
Сайыс барысында қатысушылардың ақпараттық-танымдық деңгейі, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстары мен ұсыныстары, сөз саптауы, ой тұжырымдауы, көзқарасын білдіруі, тапқырлығы және шеберлігі бойынша білім-таным дағдылары, сахна мәдениетіне баса назар аударылды. Интеллектуалды сайыс барысында өткізілген әр кезеңнің тапсырмаларын орындаған қатысушылардың білім деңгейін арнайы комиссия мүшелері бағалады.
Сайыс қорытындысы бойынша қатысушы командаларға "Руханият" (орталық кітапхана ұжымы), "Жастар" (жастар ресурстық орталық), "Жәдігер" (аудандық музей), "Құндылық" (аудандық жыраулар үйі) командаларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар, үздік деп танылған мәдениет үйі қызметкерлерінен құралған «Өнер» командасына арнайы Диплом мен бағалы сыйлық табысталды.

11 сәуір 2024 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031