» » Тіл беделі – ел абыройы

Тіл беделі – ел абыройы

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп бөлімімен бірлескен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қызылорда облысы әкімдігінің №207 Қаулысының 13, 20-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлер арасында ұлттық рухты көтеру, ұлттық құндылықтарымызды (тіл, дін, тарих, мәдениет) насихаттау мақсатында өткен дөңгелек үстел отырысына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Б.Қайырбаев, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп бөлімінің әдіскері Ә.Скендіров аудандық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Г.Раева, қоғамның алқа мүшесі Ш.Құндақбаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының консультанты Ж.Болысбекқызы және жеке кәсіпкерлер М.Серікбаева, К.Әлекеева, Г.Буранбаевалар қатысты. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру бойынша кәсіпкерлер арасында ұлттық рухты көтеруге байланысты пікір алмасты. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 21-бабы Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі туралы түсіндірме жүргізілді. Кәсіпкерлерге «Кәсіпкер! Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, маңдайшаға тек соны іл!» атты плакаттар мен тіл туралы парақшалар таратылды. «Мемлекеттік тілдегі ас мәзірі мен тағам түрлері: қазіргі жағдайы, проблемалары» туралы монографияанықтамалық құралы оқуға ұсынылды.
«ҚТ» ақпарат
23 сәуір 2024 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930