» » «Қазақ тілі – ұлт болашағы»

«Қазақ тілі – ұлт болашағы»

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудандық мәдениет және спорт бөлімі, халықаралық "Қазақ тілі қоғамы" аудандық филиалы, облыстық Тілдерді Оқыту Орталығының аудандағы мемлекеттік тіл оқытушысының бірлесуімен кент кітапханасында «Қазақ тілі – ұлт болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиналған қонақтар ұлттық үлгімен безендірілген бөлмеде дастарқан үстінде дидарласып, көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Алғыс айту мерекесінің маңызы жайлы әңгімелесті. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ақ тілегін ақтарып, бата берді. Белсенді жастар Айдынбек Іскендіров пен Гүлжанат Дүзенова тіл туралы өлең оқыды.
Бұдан соң оқу залында дөңгелек үстел отырысы жалғасты. Отырысты "Қазақ тілі қоғамы" аудандық филиалының төрайымы Гүлжауһар Раева жүргізіп отырды. Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов сөз алып, тіл мәртебесін көтеру жолында талмай еңбектеніп жүрген тіл жанашырларына алғысын білдірді. «ХХІ ғасырда шешендік өнер қажет пе?», «Ұлттық киім кию руханиятты жаңғырта ма?», «Ұлттық мінезімізден ажырап қалған жоқпыз ба?», «Ата-ананың перзент алдындағы борышын білесіз бе?» атты сұрақтар талқыға түсті. Қоғам белсенділері Шегебай Құндақбаев, Ерболат Ұзақбаев, Күлшара Қаниева, Тәжігүл Әбенова, Сәрсенкүл Райымбаева, Әмина Кетебаева, Гүлжанат Дүзеновалар ойларын ортаға салды.
Көктемнің алдындағы келелі кездесу, ондағы қаузалған тақырыптар көңілден шығып, көпке ой саларлықтай деңгейде болды.

https://www.instagram.com/p/CpNJF8tqweG/?utm_source=ig_web_copy_link
28 ақпан 2023 ж. 484 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31