» » КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Мұражай, музей, (грек тілінде musem – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенттері Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейге барып, ондағы сақталған құнды жәдігерлермен танысып, рухани танымын толтырып қайтты.
Музей экспозициясы өлкеміздің ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заман тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Экспозициялық залдарда сақ өркениетіне жататын Шірік-Рабат, Бәбіш Мола, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті тақырыбында Алтынасар, Қосасар, Тікасар, Томпақасар т.б. асарлар, ортағасырлық ескерткіштер Сырлытам кесенесі, Еламан мұнарасы, Марал ишан, Қалқай ишан, Қорқыт ата кесенесі жайлы мәліметтер берілген.

12 ақпан 2025 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 922
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930